Басып шығару нұсқасы
21.12.2017, 16:04

Дельфиннің құпиясы

Дельфин жайындағы жұм­бақтар ғалымдардың назарын ертеден аударуда. Зерттеулерге қарағанда, дельфиннің миы бізге белгілі жануарлар дүниесіндегі аңдардың миының бәрінен жақсы жетілген.

Салмағы жағынан адам миымен шамалас, ал ми қыр­тысының дамуы, ондағы шым-шытырық тамырлардың саны және ішкі құрылысы жағынан адам миынан да асып түседі. Дельфин миында қандай қызмет атқаратындығы түсініксіз, адамда жоқ жүйке орталықтары бар екендігі байқалады.
Дельфиндер қолға тез үйренеді. Ғалымдар жа­нуарлардың «ақылдылық дәрежесін» салыс­тырмалы түрде зерттегенде дельфин-афалинннің «ақылдылық дәрежесі» 190 балға жеткен. Бұл қасиет адамға ұқсас маймыл «ақылдылығынан» да асып түскен. Адам тәрізді маймыл «ақылдылығы» 150 балл.

Дереккөз: kazgazeta.kz

Ұқсас сілтемелер