Басып шығару нұсқасы
20.07.2017, 12:45

Кооперативке берілген жеңілдетілген несиенің арқасында трактор мен сүт салқындататын танкер сатып алды

Павлодар облысы Успен ауданындағы "Хантамар" АӨК "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына" қаржыландыруға өтінім берген. Аз ғана уақыттың ішінде кооператив 8 млн теңгені 7 жылға несиеге алды, деп жазады silteme.kz.

Кооператив мүшелері жылдық 6 пайызбен алған несиені жақын арада қайтарамыз деп отыр. Себебі, олар өз бизнестерінің жақсы дамитынына сенімді.

"Хантамар" 21 үй шаруашылығын біріктірген. Осы жазда сүт фермасы құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

- Қазіргі таңда бізде 60 ІҚМ басы бар, оның жартысы - сауылмалы. Болашақта мал басын көбейтеміз деген жоспар бар. Оған қоса, биыл 100 гектар жер алдық, келесі жылы мал азығы өзіміздікі болады, - дейді кооператив басшысы Қайрат Карманов.

Сондай-ақ, ол:

- Несиенің арқасында біз бірден трактор мен сүт салқындататын танкер сатып алдық, - деп атап өтті.

 

Ұқсас сілтемелер