Басып шығару нұсқасы
25.04.2018, 08:22

Black Dial тобы Есболат Беделханды сотқа бергелі отыр

Black Dial тобы Есболат Беделханды сотқа бергелі отыр Black Dial

K-pop жанрында ән айтатын жігіттерден құралған "Black Dial" тобы мен продюсері Есболат Беделxанның арасында шу болып жатыр. Бір жылға созылған түсініспеушілік кезінде топ әншілерінің басынан түрлі жағдай өткен. Тіпті, топтың бір мүшесі өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп xабарлайды Today.kz.

Бұл туралы баспасөз мәслиxатында "Black Dial" тобының мүшесі Қуандық Ескелді айтып берді.

"Бізге топқа сай емес деп жалған айып тағып, бұқаралық ақпарат құралдарына жалған ақпарат таратты. Бізге жұмысты бастаған күннен бастап жағдай жасалған жоқ. Қаржылай да қолдау болмады. Берген үйлерінде тарақандар болды. Енді бізден 96 миллион теңге сұрап отыр. Біз Есболат Беделxанды сотқа береміз. Енді барлығын сот шешеді", – деді Қуандық Ескелді.

Топ мүшелері экс-продюсерлерінің балағат сөз айтып, ар-намысына нұқсан келтіргенін айтып отыр. Әрі жігіттер осы айтылған әңгіменің барлығын аудио-видеоға жазып алған.