Басып шығару нұсқасы
17.04.2018, 13:04

Мұстафа Шоқай туралы жаңа фильм шықты

Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған «Ардағы еді түркінің» атты жаңа деректі фильм шықты.

Фильм барысында Мұстафа Шоқайдың өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары көрсетіледі.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», – дейді фильм режиссері Доқтырхан Тұрлыбек.

Доқтырхан дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері. Оның айтуынша, кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен. Алдағы уақытта фильмді орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару жоспарланған.