Басып шығару нұсқасы
13.04.2018, 11:26

Абайдың қара сөздерін жаңа әліпбимен күнде жазамын – Елбасы

Абайдың қара сөздерін жаңа әліпбимен күнде жазамын – Елбасы Qamshy.kz

Мемлекет басшысы латын әліпбиін тез үйренудің жолын айтты.

«Әліпбиді ептеп енгізуіміз керек. Мен күнде жаңа әліпбимен жазамын. Абайдың сөздерін жазып отырамын», - деді Елбасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде.

Бұған қоса Назарбаев мектептерде әліпбидің жақын уақытта енгізілетінін айтты.

«Үйреніп кету қиынға соқпайды. Мектепте әліпбиді солай үйрендік қой. Әліпбидің еніп кетуі өте тез болады деп санаймын», - деді Назарбаев.

Ұқсас сілтемелер