Басып шығару нұсқасы
23.12.2017, 12:51

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Төлегентану» орталығы ашылады

Онда небәрі 30 жыл ғұмыр кешіп, артына өшпес із қалдырған ақиық ақын Төлеген Айбергенов шығармашылығы зеттелетін болады. Бұл туралы ақынның 80 жылдық мерейтойына арналған кеште филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтемемен silteme.kz.

Бүгінде ақынның таңдаулы шығармалары өзбек, қарақалпақ, түрік және  ағылшын тілдеріне аударыла бастаған. Яғни қазақ ақынының өлеңдеріне өзге ұлттар да қызығушылық танытқан. Тағылымы мол кеште қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңба қалдырған ақынның отты жырлары оқылып, естеліктер айтылды.

Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы:

- Қытайда төте жазумен шығармалары басылып шығарылды. Қытайдағы қазақ оқырманның да ықыласы ерекше. Бүгінгі шара да сондай бір біздер үшін жүрекке қуаныш сыйлайтын ерекше кеш. Елдің, халықтың Төлеген Айбергеновтің поэзиясына деген құрметі айрықша.

Ұқсас сілтемелер