Басып шығару нұсқасы
12.12.2017, 13:38

Көкпар Қырғызстан атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Көкпар Қырғызстан атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізілді, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпарат көзінің дерегінше, Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің отырысында бірқатар елдің өтініші қаралған.

Өз кезегінде, Sputnik Қырғызстан жазуынша, көкпар ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді.

Ұйымның хабарына сәйкес, көкпарды тізімге Қырғызстан ұсынған.

Қырғызстан көкпарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы ұсынысты 2016 жылдың 31 наурызында білдірген.

Айта кетейік, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің он екінші сессиясына Қырғызстанның атынан көкпар, ал Қазақстанның атынан дәстүрлі асық ату ойынын мәңгі есте қалдыру ұсынылған. Тәжікстан бұл тізімге фалак ұлттық әнін, Ал Түрікменстан мен Армения ескі билерді қосуды сұраған. Әзербайжан мұралар тізіміне долманы жасау тәсілін енгізуге өтініш беріпті.       

Ал өткен жылдың желтоқсанында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізімін Наурыз мейрамы толықтырған болатын.

Ұқсас сілтемелер