Басып шығару нұсқасы
09.03.2017, 13:44

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Бұл туралы желіде қытайлық жанкүйерлер жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Селин Дионның репертуарындағы “All by myself” әнін орындамақ. Лирикалық мұңға толы ән Димашқа бұл кезеңде сәттілік алып келеді деп сенеміз.

Айта кетейік, алдағы сенбіде жобаның 8-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш танымал қытай әнін орындамақ. Есте болса, Димаштың бұл кезеңде 5-орын иеленгенін жазған едік. Димаштың тамағы ауырып қалғандықтан ол әнді өз деңгейінде орындай алмаған.

Ұқсас сілтемелер