Басып шығару нұсқасы
03.03.2018, 09:42

Головкин мемлекеттік туға қолтаңба қалдырудан бас тартты

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жанкүйерінің мемлекеттік туға қолтаңба қалдыру өтінішінен бас тартты, деп хабарлайды ktk.kz порталына сілтемемен silteme.kz AA.

Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінген. Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды»,-деп түсіндірді. Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты.

Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ұқсас сілтемелер