Басып шығару нұсқасы
23.02.2018, 18:52

Жаңа оқу жылында информатика 3 сыныптан оқытылады

Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылмақ. Бұл туралы Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеп отыр, деп silteme.kz АА altaynews.kz желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, информатика 2014 жылға дейін 7 сыныптан оқытылатын, 2014 жылдан бастап 5 сыныптан оқыту енгізілген еді. Ал енді бұл пәннің қыр-сырын оқушылар бастауыш сыныптарда меңгере бастайды.

Біз аталмыш жаңалық туралы ШҚО Білім басқармасының ресми жауабын алдық.

-ҚР Білім және ғылым министрімен бекітілген адам капиталын дамыту бойынша 2018-2019 жылдардағы цифрлық экономикаға арналған Жол картасына сәйкес, 2018-2019 жылдары информатиканы 3 сыныптан бастап оқыту қарастырылған, — деп растады білім басқармасында. – Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Информатика» пәнінің оқыту процессін реттеу бойынша нормативтік-құқықтық актілер келіп түскен жоқ.

2017-2018 оқу жылында информатика өзгеріссіз 5 сыныптан оқытылады. Ал пәнді 3 сыныптан оқытуды енгізу 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр екен.

Ұқсас сілтемелер