Басып шығару нұсқасы
24.10.2016, 16:43

Босқындар - арзан еңбек күші

Түркиядағы Сириялық босқын балаларды британдық компания ең төмен жалақы беріп, пайдалануда деп хабарлайды silteme.kz.

Босқындардың Түркияда кез-келген жұмысты істеп, ондағы ең минимальды  еңбекақы көлемінен де төмен жалақыға жұмыс жасайтындығы, жалпы олардың жағдайы қай елде болмасын мәз еместігі бәріне аян.

ВВС Панорама Түркиядағы зауыттарды бақылай келе, босқын балалардың" Маркс пен Спенсер" киімдерін тігіп, ASOS интернет-дүкеніне жұмыс жасап жатқандығын анықтаған. Сондай-ақ, босқындардың "Zara" және "Mango" джинсылар зауытына астыртын жұмыс жасайтындығы да белгілі болды.

Men working on jeans in a garment factory

 "Манго" және "Зара" өнеркәсібіндегі балалар

Алайда, "Маркс және Спенсер" Түркиядағы жеткізу орталығын тексеріп, бұл мәліметті жоққа шығаруда.

ВВС Панораманың мәліметінше, британдық ритейлердің басты зауыттарының бірінен 7 босқын баланың төмен жалақыда жұмыс жасайтындығын анықтаған. 

 Айта кетейік, "Marks & Spencer (M&S)" - "Маркс пен Спенсер" - британдық киім шығаратын ең ірі өндіріс, әлемдік ірі ретейлерлердің қатарында. Компанияның 885 дүкені бар, оның 600 Британияда болса, ал өзгелері әлемнің 40-қа жуық елдерінде орналасқан.

Children working in factory

Аударған: Жұлдыз Қыстаубаева

Дерек көзі: bbc.com

 

Ұқсас сілтемелер