Басып шығару нұсқасы
11.01.2018, 00:45

Қыз алып қашқан үшін қанша жылға соттайды?

Мұның жауабын baribar.kz порталындағы "Күйеуім мені алып қашты…" атты мақалаға орай берген түсініктемесінде Нұрсұлтан Қалқашев есімді заңгер берген, деп хабарлайды silteme.kz.

"Қыз алып қашу ҚР Қылмыстық кодексінің 125 бабы – адам ұрлау бойынша қаралады. Егер ұрланған адам құқық қорғау органдарына арыз түсірсе, алып қашқан адамға 4-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қыз кəмелетке толмаса жазасы 7-12 жыл, яғни ауыр болады. Ал адамды ұрлаған соң, оны жібермей ұстап отыруы мүмкін. Ондай жағдайда “Адамды бас бостандығынан айыру” деген тағы бір бапты қарастыруға негіз болады. Бірақ ұрлаған адамды қайтадан босатып жіберген болса, жазаға тартылмайды" деген ол.

Заңгердің айтуынша, қызды алып қашқан жағдайда барлығы қыздың таңдауына қалады. Сотқа берсе, ұрлаған адам жазаланады, болмаса қалады. Алып қашты деп сотқа арыз түсіретіндер біздің елде тым аз болса да кездесіп қалады. Қыздың туыстары моральдық шығын талап етіп, істі сотқа жеткізбеуі де мүмкін. Негізі, көп жағдайда қыз өзі қалып қояды.

Ұқсас сілтемелер