Басып шығару нұсқасы
27.10.2016, 10:48

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді

  1. Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудың басымдық бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды Siteme.kz. 

2016 жылдың 26 қазанында 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне пәтер кілті табыс етілді. Жаңа 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша тұрғызылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, салынған үй тұру үшін толығымен дайын. Пәтерлер кіріктірілген жиһазбен жабдықталған, сантехника орнатылды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасылары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Абаттандырылған аумақта ойын, балалар алаңқайы мен автомобиль тұрағы қарастырылған.

 

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Біз көптен күткен пәтердің кілтіне ие болдық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жыл сайын жақсарып келеді. Бұл Жоғарғы Қолбасшымыз, Қорғаныс министрінің еңбегі екенін атап өткім келеді. Әскери қызметшілеріміз еш нәрсеге алаңдамай қызметтерін атқаратын болды. Себебі, пәтерлерде барлық жағдай жасалған», - деп 68665 ә/б взвод командирі аға лейтенант Әсет Әбілқасов атап өтті.

 

Қорғаныс министрлігі басшылығының қабылдап жатқан шараларының арқасында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің күнкөріс деңгейі мен әл-ауқаты артып келеді.

Ұқсас сілтемелер