Басып шығару нұсқасы
20.10.2016, 11:41

Мэнни Пакьяо Филиппиндегі кедейлерге арнап 1000 баспана салып берді

Атақты боксшы, саясаткер, мультимиллионер Мэнни Пакьяо баспанасыз кедей отандастарына арнап 1000 үй салып берді, деп хабарлайды naryk.kz.

Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған.  

“Филиппиннің Сарангани өңіріндегі отандастарыма арнап 1000 үй салып, тегін таратып бердім. осы үшін өзімді де бақытты сезінудемін. Құрылыстың қаражатын толықтай өз қалтамнан шығардым”, – деп жазады чемпион.

“Мұнымен шектелмей алдағы уақытта тағы да баспана салып отандастарыма үлестіре беремін. Өйткені кітабымыз Інжілде адамдарға қайырымдылық жасауға шақырады”, – дейді христиан дінін ұстанатын Пакьяо.

Ұқсас сілтемелер