Басып шығару нұсқасы
09.02.2018, 12:09

Жігіт қыздың жасауы базардан алынған деп үйленуден бас тартты (видео)

Өзбекстанда жігіт қызды тура тойдың алдында тастап кетті. Себебі қыздың жасауы ол үшін арзан болып көрінген. Бұл туралы Nuz.uz басылымы жергілікті телеарнаға сілтем жасап хабарлады.

Жігіт қыздың жасауын көргеннен оған үйленуден бас тартқан.

«Мен жасауы түркиялық матадан болады деп ойладым. Ал олар базардың арзан затын алып келді. Оның отбасының жағдайы жақсы, сондықтан қызына қымбат зат әкеледі деп күттім», - дейді жігіт.

Жігіттің наразы болып айтып тұрған сәті камераға түсіп қалған. Желіде осы видео бірден тарап кетті. Ташкенттің бас наиб-хатибі Анвар-кори Турсунов ер жігіт қыздан ешқандай жасау талап етпеу керектігін мәлімдеді.

«Ешкім қалыңдықтың ата-анасынан жиһаз, техника, алтын бұйымдар талап етуге құқығы жоқ. Бұл - жігіт жақтың міндеттері. Той кезінде де, бала туылса да, жігіттің міндеті. Егер жігіт қызға үйленсе, онда ол қалыңдыққа қатысты барлық шығынды өз мойнына алады. Оқуы болса, оқуын, денсаулығы, басқа да шығындарын ер адам өтеу керек. Егер жігіт осыларды жасамаса, демек ол - мұсылман емес», - деді наиб-имам.

 

 

baq.kz алынды

Ұқсас сілтемелер