Демалыс күндері аяздың беті қайтып, қардың азаюына себеп болған циклон басылуда. Оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суығын әкелді. Температураның төмендеуі шамалы және қысқамерзімді болады. Өткен аптада климаттық нормадан 15-22 градус төмен болған ауа температурасы алдағы үш тәулікте нормаға жуық және одан 2-4 градусқа төмен болады. Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегі нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады.