Басып шығару нұсқасы
19.12.2016, 12:42

Каспийде жоғалып кеткен мұнайшылар іздестірілуде

Каспийдегі апат орнында жоғалып кеткен мұнайшыларды 44 кеме, 6 тікұшақ және 700-ден астам адам іздестіріп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Әзербайжан Мемлекеттік теңіз әкімшілігінде құрылған штабтың хабарлауынша, бейсенбі күні елдегі мемлекеттік мұнай компаниясында (SOCAR) қатты соққан желден апат орын алған. Желдің ұйытқи соғуынан мұнай жинау бөлімшесінің 150 метрге созылатын эстакадасының бір бөлігі теңізге құлаған. Салдарынан мұнай жинау бөлімшесінде кезекшілікте болған бес адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Айта кетейік, бір мұнайшы — Ильхам Алигусейн оглу Гафаровтың денесі табылды.

Ұқсас сілтемелер