Басып шығару нұсқасы
11.05.2018, 14:48

Дене шынықтыру пәнінің сағаты расымен қысқара ма – Сағадиев жауап берді

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептерде дене шынықтыру сағатының қысқаратыны туралы ақпаратқа нүкте қойды. Әлеуметтік желіде олардың сағаттарын аптасына үш сағаттан екі сағатқа дейін қысқарту жоспарланғаны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Today.kz

Дене шынықтыру сағатын қысқарту расымен қарастырылып жатыр, бірақ ол мәселе тек спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданатын оқушыларға қатысты. 

"Әлеуметтік желіде дене шынықтырудың үшінші сағаты болмайды деп жатқандар көп. Дене шынықтырудың үшінші сағатынан бас тартуды жоспарлап отырған жоқпыз, жоспарламаймыз да. Спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданатын оқушыларды дене шынықтыру пәнінен босату үнемі талқыланып жүр. Біз бұндай шешімді ата-аналардан келіп түскен көптеген өтініш бойынша қабылдап отырмыз", – деді Сағадиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзінше, мектептердің педагогикалық кеңестері оқушылардың ата-аналары арыз жазған жағдайда ғана түпкілікті шешімді қабылдайды. 

Сағадиев бұндай балалар бос уақытында оқу бағдарламасын қуып жетіп, басқа пәндерден қосымша сабақ оқи алатынын айтты.

Ұқсас сілтемелер