Ер адам:
– Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай…
– Дүкеннен не аламын?
– Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым…
Әйел адам:
– Бала жылап қалмады ма екен?
– Кешегі ісігі қайтты ма екен?
– Балабақшадан кім алды екен?
– Бүгін балабақшадан тамақ жеді ме екен?
– Жаурап қалмады ма екен?
– Күйеуім жұмыстан келіп қойған да шығар…
– Қарны аш шығар, не тамақ істеп берсем екен?
– Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?!
– Таңертең кірді жаймай кетіппін, иісі шығып қалған шығар…
– Мұздатқыштағы етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қай уақытта ериді?
– Ертең бүгіннен де ерте тұрып, шығу керек!
– Фериха қайтер екен? (Сериал кейіпкері)
– Кіре беріс шашылып жатқан шығар…
– Қоқысты төгуді де ұмытыппын…
– Телефонымның қуаты таусылайын деп тұр.
– Ертең биік аяқ киім кимеймін, аяғым бүгін әбден ауырды.
– Мына күртешемді бүгін жуа салайын. Жоқ, ертең жұма ғой. Ертең жуайын. Жоқ, сенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
– Үйде нан бар ма екен?
– Телефоным да өшіп қалды-ау…
– Үйді бүгін бір тазалап алайын.
– Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алайын.
– Бүгін – шашыма балдан маска жасайтын күнім.
– Тамақ қалса, жұмысқа салып әкетіп жүрейін. Әйтпесе күн сайын түскі асқа кем дегенде 500 теңге кетеді екен.
– Мына маршруттың ішінен жағымсыз иіс шыға бастады.
– Осы аялдамадан түсіп қалып, ана дүкенге кіріп шығайын.
– Мына қыздың сөмкесі әдемі екен.
– Кептелістен де шаршадым…
Дереккөз: elana.kz