Басып шығару нұсқасы
27.03.2018, 18:19

Владимир Путин 28 наурызды Ресейде аза тұту күні деп жариялады

Владимир Путин 28 наурызды Ресейде аза тұту күні деп жариялады 28 наурызда Ресейде мемлекеттік ту түсіріледі.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 28 наурызды Ресейде аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Today.kz

Ресей Президенті жарлыққа Кемероводағы өрттен 64 адамның қайтыс болғанына байланысты қол қойған.

28 наурызда Ресейде мемлекеттік ту түсіріледі. Мәдениет мекемелері бұл күні көңіл көтеретін шараларды өткізуге тыйым салуды ұсынды. 

"Зимняя вишня" сауда орталығында өрт 25 наурызда шықты. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

ҚР СІМ өрттен Қазақстан тумасының қайтыс болғанын растады.