Басып шығару нұсқасы
31.10.2016, 12:37

Имамдарға әлеуметтік желіні белсенді пайдалануға тапсырма берілді

Ақтөбе облысы имамдарына ғаламторды пайдалануға байланысты бірнеше тапсырмалар мен нұсқаулар берілді, деп хабарлайды muftyat.kz.

Заман дамыған сайын заманауи технологияларды қолдана білудің өзі ерекшелік болып табылады. Ислам құндылықтарын интернет желілері арқылы тарату қазіргі қоғам үшін міндет екені анық.

«Нұр Ғасыр» мешітінде өткен жиынға қатысқан Ақтөбе облысы имамдарына ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкілі Т.Оспан ғаламторды пайдалануға байланысты бірнеше тапсырмалар мен нұсқаулар берді. 

Өкіл имам имамдардың интернет, әлеуметтік желілерде, заманауи технологияларды пайдалануда белсенді болуларын және ресми мәліметтерді өз уықтында бөлісулерін тапсырды. Сонымен бірге атқарылып жатқан іс-шаралар, рәсімдердің әлеуметтік парақшалардың бетінен тыс қалып қалмауларын қадағалауды бұйырды.

Ұқсас сілтемелер