Басып шығару нұсқасы
21.12.2022, 19:14

«Alma CUP» қалалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Алматы қаласында «ADD» үстел теннисі орталығында «Alma CUP» қалалық чемпионатының жеңімпаздарын  салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды.

Желтоқсанның 8-не басталған чемпионатта Алматы қаласының 1000-нан астам әр түрлі санаттағы жастары футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт ойындары бойынша сайысқа түскен болатын. Жүлде қоры 4 150 000 теңгені құраған чемпионатта, жеңімпаздар арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  халық арасында бұқаралық спортқа қатысушылар санын арттыру, спорт саласының үздік жастарын анықтау.

Жоба ұйымдастырушысы Жасұлан Бостандықұлы:

«ALMA CUP» қалалық чемпионатын ұйымдастыру барысыныда қаланың әр түрлі санатындағы жастарын қамтуға тырыстық. Сәйкесінше чемпионатқа ЖОО, колледж студенттері, базар жастары, құрылыс, текстиль, курьерлік қызмет саласының мамандары да қатысты. Чемпионатқа жастардың қызығушылығы өте жоғары болды. Бұл қаламыздағы спорт сүйер жастардың көптігін көрсетеді.

Жеңімпаздарды марапаттауға Алматы қаласы Мәслихат депутаттары Бекбол Рамазан, Руслан Нұрлыбай, Қазақстан футзалының аңызы, Ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және үздік сұрмергені, Футзалдан чемпиондар лигасының 2 дүркін жеңімпазы, Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Серік Жаманқұлов, Ұлттық студенттік спорт одағының атқарушы хатшысы Есқалиев Мұхтар, шорт-трек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 жылғы әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері Абзал Әжғалиев, танымал блогер, Stand-up-ер Мұратбаева Жансая және эстрада жұлдыздары «Алашұлы», «МузАРт Life» топтары жеңімпаздарды құттықтауға арнайы келді.

 

«ALMA CUP» қалалық чемпионатының нәтижесі төмендегідей:

Футбол турнирі

Үздік ойыншы Иманбеков Алмас – 50 000 теңге;

Үздік қақпашы Орынбасар Нұрболат – 50 000 теңге;

Үздік бомбардир Райымбек Мадияр және Бақдәулет Жүзбай – 50 000 теңгеден;

1-орын «Қайрат Жастар» командасы – 500 000 теңге;

2-орын «Kartop» командасы – 300 000 теңге;

3-орын «Satbayev University» командасы – 150 000 теңге;

 

Волейбол турнирі

Ерлер құрамасы

1-орын Алматы полиграфия колледжі – 300 000 теңге;

2-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 200 000 теңге;

3-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 100 000 теңге;

 

Әйелдер құрамасы

1-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 300 000 теңге;

2-орын «ZhaStar» еркін құрамасы – 200 000 теңге;

3-орын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

– 100 000 теңге;

 

Баскетбол турнирі

Ерлер құрамасы

1-орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті– 300 000 теңге;

2-орын «IMS» командасы – 200 000 теңге;

3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;

 

Әйелдер құрамасы

1-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Squirrels KazNu – 300 000 теңге;

2-орын «YuVA» командасы – 200 000 теңге;

3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;

 

Киберспорт турнирі

1-орын «AZIZPEEK» командасы – 300 000 теңге;

2-орын «SIGMA 16» командасы – 200 000 теңге;

3-орын «5G1L» командасы – 100 000 теңге;

«ALMA CUP» қалалық чемпионатының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз.

Ұқсас сілтемелер