Басып шығару нұсқасы
19.09.2016, 10:19

Қазақстан Соломон аралдары қақпасына 10 гол соқты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аясындағы соңғы турда Соломон аралдары қақпасына 10 гол соқты деп baq.kz мәліметіне сүйене отырып,  silteme.kz хабарлайды.

Какау бапкер бұл ойында Игита, Лео, Першин, Довгань, Дуглас, Гуров, Кнауб, Нұрғожин, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Таку, Мун секілді ойыншыларға сенім артты. Бұл ойында Кнауб, Дуглас, Таку дубльдің авторы атанса, Довгань, Лео, Мун, Пенгрин бір-бір голдан соқты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы өз тарихындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Е тобында екінші орын алды. Енді, жерлестеріміз 1/8 финалда Испаниямен кездеседі. Бұл ойын 22 қыркүйек күні 04:30-да басталады.

1/8 финалдардың жұптары:

Испания –Қазақстан,
Ресей – Вьетнам,
Колумбия– Парагвай,
Бразилия – Иран,
Аргентина– Украина,
Италия – Египет,
Таиланд– Әзірбайжан,
Португалия– Коста-Рика.

Қазақстан – Соломон аралдары – 10:0
Голдар: Довгань, 4 (1:0). Кнауб, 9 (2:0). Дуглас, 16 (3:0). Лео, 18 (4:0). Кнауб, 22 (5:0). Таку, 28 (6:0). Дуглас, 29 (7:0), Мун, 29 (8:0), Таку, 30 (9:0). Пенгрин, 38 (10:0).

Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионаты

Ұқсас сілтемелер