Басып шығару нұсқасы
27.03.2018, 19:08

Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын сыйлады

Атыраулық кәсіпкерлер әлемнің әйгілі футболшыларының бірі Криштиану Роналдумен кездесті.

«Кездесу Швейцарияда, Женевада 24 наурыз күні болды. Кездесу барысында футболшыға сыйлықтар табыс етіліп, қазақтың шапаны көрсетілді. Біз Криштиануға Қазақстанды, қазақ халқының мәдениетін кеңінен таныстыратындай сыйлық жасағымыз келді. Сыйлықтардың арасында шапаннан басқа, Алтын адамның мүсіні, күміспен көмкерілген, ұлттық оюлармен өрнектелген белдік, қамшы мен өзге де заттар бар болатын»,-деді кездесуге қатысқандардың бірі Алишер Өтепов. «Футболшының балаша қуанғанына қарағанда сыйлықтар оған ұнаған болуы керек» - дейді олар.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас сілтемелер