Басып шығару нұсқасы
15.12.2017, 15:12

Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті

Канаданың Сорель-Трэси қаласында өткен бокс кешінде Абылайхан Құсайынов төрешілер шешімімен басым түссе, Нұрзат Сабиров өз қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абылайхан Құсайынов осымен жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Абылайханның еншісінде 5 нокаут бар. Оның қарсыласы да осал болмады. Осы  уақытқа дейін Хесус Сильвейру қарсыластарын бірнеше рет аса басымдықпен ұтқан. Екі боксшының жекпе-жегі жеңіл салмақ (61,3 келі) дәрежесінде өтті.

Ал  Нұрзат Сабиров өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жектің бәрін нокаутпен аяқтап отыр. Оның қарсыласы Франсиско Гарсия осы уақытқа тоғыз жекпе-жек өткізіп, бесеуінде нокаутпен жеңген. Екі боксшы екінші орта салмақ дәрежесінде (76,2 келіге дейін) айқасты.

 

Ұқсас сілтемелер