Орта салмақта WBA чемпионы, америкалық Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен қатты қауіптеніп жүргенін мойындады, деп хабарлайды prosports.kz.
Орта салмақта WBA чемпионы, америкалық Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен қатты қауіптеніп жүргенін мойындады, деп хабарлайды prosports.kz.
Иә, мен әлемдегі ең қорқақ адам ретінде жаттығып жатырмын. Бұл мені одан сайын аш қылады. Кейде қорыққан спортшы ең қауіптіге айналады деп жатады. Маған керегі де осы», - деді Джейкобс.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.