Басып шығару нұсқасы
17.11.2020, 00:09

Ғ.Бейсембаев Түркістан қаласына іссапармен барды

А.ж. 16 қарашада «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев Түркістан қаласында іссапармен болды.
Сапар мақсаты – білім беру ұйымдары кітапханаларының жай-күйі, кітап қоры, цифрлы білім беру ресурстары, электронды кітапхана жұмысымен танысу.   Сонымен қатар апробациядан өтетін пилотты мектептердің оқытушыларымен кездесіп, дайындық барысын көріп, сауалнама жүргізу.   Бұдан бөлек, оқушылар мен студенттердің көркем әдебиетке деген ынтасын арттыратын «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асу үдерісін бақылау.   Сапар барысында Ғани Бейсембаев Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықовамен кездесіп, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжнің базаларында болып қайтты.   Айта кетейік, бүгінгі таңда «Оқулық» РҒПО 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөнінде Жол картасын әзірлеп, қолданысқа енгізу мәселелерін зерттеп зерделеуде.