Басып шығару нұсқасы
16.11.2020, 00:07

Ғ.Бейсембаев Қызылорда қаласына іссапармен барды

Өткен жексенбіде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев Қызылорда қаласында іссапармен болды.
Сапар мақсаты – білім беру ұйымдары кітапханаларының жай-күйі, кітап қоры, цифрлы білім беру ресурстары, электронды кітапхана және «Co-working» орталығы жұмысымен танысу.   Бұдан бөлек, оқушылар мен студенттердің көркем әдебиетке деген ынтасын арттыратын «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асу үдерісін бақылау.   Сапар барысында Ғани Бейсембаев Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Ақзира Касымовамен кездесіп, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің базасында болып қайтты.   Айта кетейік, бүгінгі таңда «Оқулық» РҒПО 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөнінде Жол картасын әзірлеп, қолданысқа енгізу мәселелерін зерттеп зерделеуде.