актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

Шыңғысханның өзі құрған империя аумағын құрметті бәйбішесі Бөртеден туған төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей мен Төлеге мұраға қалдырғаны мәлім. Кейіннен олар әлемнің төрт тарабына әмірі тараған ұлық ұлыстардың негізін қалады. Жошы әулеті Дешті-Қыпшақта билік етсе, Шағатай әулеті Жетісу, Мәуераннахр, Шығыс Түркістанда салтанат құрды. Төленің баласы Хулагу әулеті Иранда, Юань әулеті (Төленің ұрпақтары) Моңғолия мен Қытайда тітіретті. Бұл төрт буынның тарихи-саяси тағдыры қалай түрлі болса, олардың иеліктерінің рухани бағдары да түрлі бағытта дамыды. Төлелік Қытайды билеген тобы 1368 жылға дейін жергілікті Мин әулеті келгенше қытайланып, будистке айналды. Хулагуидтердің мемлекеті 1353 жылдарға қарай құлап түсті. Шағатайлықтардың мемлекеті XVII ғасырдың соңына дейін шыдас берді.

Опубликовано в Нетократия

Шығыстық түркі сәулетінің символы ретінде көк күмбездер Самарқан мен Бұхарада жиі кездесетін болса, Хиуада бір ғана көк күмбез бар. Ол шартарапқа әйгілі және XIII-XIV ғасырларда жасаған әулие шайыр әрі алып Палуан (Пахлаван) Махмұттың қабірін безендіреді.

Опубликовано в Нетократия

Әзелден қазақ пен қырғыздың Алатауды тең жайлағаны мәлім. Бүгін де қанаттасып, бір-біріне тілеулес те демеу болып отыр. Екі ұлттың үркіншілік кезеңдердегі өзара көмек тарихы қандай-ды! Әсіресе, қырғыздың қазаққа жанкүйерлігіне Қаралы қаңтар оқиғасында кеңінен куә болдық. Бірақ қазақтың жүрегінде қырғызға қатысты қашаннан жазылмай, бітпей, қанталап келе жатқан бір жарасы бар. Ол жараның әңгімесін қырғыз тақырыбы көтерілген жерде айтып өтуді әр қазақ өзіне міндет санап алғандай, ыңғайсызданатын тұс көп-ақ.

Опубликовано в Нетократия

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов , “Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келіп, барлық деңгейдегі депутаттармен кездесті.

Опубликовано в Қоғам
Страница 3 из 157

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер