бренд

Показать содержимое по тегу: бренд

Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланбақ. Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып abctv.kz.

Опубликовано в Бизнес

Қазір, Ұлттық бренд бар ма, болса не? – деген сауал қоғамды кезіп жүр. Былтыр елдегі үздік тауар белгісін анықтау мақсатында «Қазақстанда жасалған» деген акция басталды. Елбасына еліктеген бірқатар шенеунік, депутаттар, қала берді зиялы қауым өкілдері де, отандық костьюм кигендерін жарнамалап бақты. Бақсақ, бізде ұлттық шапандар ғана емес, бірсыпыра киім-кешек, азық-түлік шығарылып, тіпті кілемге дейін тоқылады екен. Бірақ, халық оны біле бермейді. Білгендері, біздің тауар шетелдік өнімнен неге қымбат? – деген сауал қояды. Бәсе, неге қымбат? Жоғарыдағы акцияның бір парасы ретінде былтыр «Халық маркасы» деген бірлестік те құрылды. Ол немен айналысалды? Бұл қандай бірлестік? Қазір жарнама жасаудың сан түрі бар, олай болса, тауар өндіруші үшін бұл бірлестіктің қажеті қанша? Бірлестік құрылтайшысы Римма Тәжібаеваның не көздегені бар? Халық маркасы арқылы Р.Тәжібаева қанша қаржы тапты? Жуырда Халық маркасының авторымен сұхбаттасудың сәті түсті.

Опубликовано в Сұхбат

Ұлттық брендті қалыптастыру үшін не істеу керек? Сапасы жақсы бола тұра, отандық өнімдердің тасада қалуының себебі неде? Қазақстанда жасалған тауарлардың танымалдығын қалай арттырамыз?

Опубликовано в Бизнес
Халық маркасы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаева «белгілі продюсер Баян Есентаева мен дизайнер Аида Қауменованың бизнесіне алғаш ықпал еткен мен едім» деп отыр. Римма Тәжібаева Baq.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында бүгінде брэндке айналған қос ханымның өткенінен бірсыпыра сыр шертті.
Опубликовано в Self Made
  1. «Қанат Ислам» маркасымен киімдер сатылымға шыға бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді Қанат бауырымыздың жанкүйерлері талантты боксшының аты жазылған кимдерін сатып ала алады. Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жекке 2 күн ғана уақыт қалды.

Қанат Ислам жарысқа шығатын 29 қазан күні әлем чемпионы, Риода өткен олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы да өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізбек. Сондай-ақ еліміздің кәсіпқой боксшылары: Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шетелдік кәсіпқой боксшылармен жұдырықтасады.

Опубликовано в Спорт
Страница 2 из 3

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер