Басып шығару нұсқасы
03.03.2023, 12:50

Сезім бренді - сіздің бренд

Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып калыптасып отыратын жан куаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалык қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері.

Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері — имандылық, интеллектілік, эстетикалық.,Жоғары сезімдердін қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді., әсіресе халқымыз айткандай “Сөз сүйектен өтеді" т.б мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, Сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, сондай-ақ, оңдағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінең айырмашылығы байқалады. Адамнын сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгергіп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, хастардың сезімдерінде әртүрлі көріністерді байқаймыз. Сезім - адамның өзіне. өзге адамдарға айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімнің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдык жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалык, — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалык сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттаңдырылмауы салдарынан туындап отырады (Қ.Б. Жарықбаев. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Сөздік словарь баспасы. 2006. - 387 б.).

Ұқсас сілтемелер