Басып шығару нұсқасы
18.03.2022, 18:53

Астана халықаралық университетінде "Балуан тас" кітабы бойынша ашық лекция өтті (Фото)

Бүгін Астана халықаралық университеті қабырғасында мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың "Балуан тас" қос томдық кітабы бойынша ашық лекция өтті.

Іс-шараға университет мұғалімдері мен студенттері, жалпы кітап сүйер қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Онда авторлық-жинақ авторы Абылайхан Қалназаров балуандық мәдениеті мен пәлсафасы, оның қазақ халқының мемлекеттігі мен тағдырындағы рөліне кеңінен тоқталды.

"Біз "палуан" дегенде тек қана қара күш иелерін көзге елестетпеуіміз керек. Тарихта өнерпаз палуандар да өткен. Мысалы, Созақта өткен әйгілі палуан Есәлінің екі ұрыны күйімен ұйықтатып тастаған шеберлігін атауға болады" деп тарихи оқиғадан бір сыр шертті ол. 

Бұл ретте осы жиынның ұйытқысы болған Жоғары өнер және дизайн мектебінің деканы Саят Баймұратұлы, университет проректоры Асылан Тұрлыбек, сондай-ақ университеттің тағы бірнеше басшылығы сөз алып, "Балуан тас" кітабының өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін зор маңызға ие екендігін атап өтісті. 

Айта кетейік, бұған дейін кітаптың тұсауы былтыр желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай астанадағы ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында кесілген болатын.

 

Ұқсас сілтемелер