Басып шығару нұсқасы
30.08.2016, 19:34

124 отбасы баспаналы болды

Еліміздің Конституция күні қарсаңында Сұлтан Бейбарыс көшесінде жаңа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq.kz.

Соңғы 3 жыл ішінде Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын, 3,5 мың пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілген. Облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың айтуынша, былтырғы жылы құрылыс көлемі 3,5 есеге өсіп, Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артқан. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы негізінде 100 пәтерден тұратын 2 үй тапсырылса, жылдың соңында «Арай-3» ықшам ауданында тағы 200 пәтерлік 6 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Өз үйім» бағдарламасы аясында 20 мың шаршы метрден астам баспана тапсырылады деп күтілуде. Сондай-ақ қалада Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесінде жаңадан 24 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға берілді. Осылайша Сыр жұртшылығының мерейі мерекеде үстем болды.

Ұқсас сілтемелер