Басып шығару нұсқасы
04.04.2018, 10:25

Алматыда тұрғын үй кезегінен 1900 адам шығарылды

Алматы қаласында тұрғын үй кезегінен 1900 адам шығарылды. «Себебі жүйе электрондық порталға ауысты», - дейді баспасөз мәслихатын өткізген қалалық Тұрғын үй инспекциясының өкілдері.

Кезекте тұрғандардың құжаттарын тексеру кезінде 372 адамның Алматы қаласынан көшіп кеткені анықталған. Ал мыңнан астам тұлға үй сатып алған. Жалпы былтырдан бері шаһарда 5887 пәтер берілсе, әлі де баспана кезегінде 20 800 адам тұр. Бұдан бөлек инспекция мамандары коммуналдық төлемдер мәселесіне тоқталды. Пәтер иелері кооперативтеріне қарызы барлар енді банктерден несие ала алмайды.

Дегенмен, кооперативтер тарапынан да өз міндетіне жауапсыз қарағаны тұрғындардан негізсіз ақша жинаған деректер анықталған. Жандос Қайырханов, қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы: - Жылдың басынан бастап төртеуі берілген нұсқаманы уақытында орындамағандықтан егер де қайталанған болса бір жылдың ішінде біз оларға бір айлық есептік көрсеткіштің 20 есе артық айыппұл төлетіп жатырмыз.

Дереккөз: 24.kz

 

Ұқсас сілтемелер