Басып шығару нұсқасы
13.09.2016, 16:44

Электронды - цифрлық қолтаңба қолданысқа енді

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бұдан былай электронды-цифрлық қолтаңбамен полицияға арыз бере алады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары Болат Тазабеков хабарлады.

Оның айтуынша, аталған жоба азаматтардың ақпараттық қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған. Тұрғындар мемлекеттік органдарға жүгінген кезде өзінің арызының тіркелгенін де электронды түрде біле алады. Сондай-ақ қарыз адамдар, іс түссіз жоғалғандар, алимент төлеушілерді іздеу туралы ақпаратты алуға мүмкіндік мол. Еліміздің кез-келген аймағында жасалған қылмыстық  құқықбұзушылықтар туралы білуге де болады.

Келелі басқосуда Болат Алдабергенұлы 2016 жылы 12 инновациялық жоба жүзеге асырылғандығын айтты. Жиында сондай-ақ азаматтардың соттылығы туралы анықтамаларды алудың қолданыстағы процедурасы бойынша түсіндірулер берілді.  Уәкілетті мемлекеттік органдармен әкімшілік айыппұлдар бойынша қаулылардың тәртібі мен орындалмауының салдары туралы кеңінен мәлімет берді.

Электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.