Отбасы

Показать содержимое по тегу: Отбасы

Қайрат Нұртас 19  наурыз Астана қаласында Қазақстан орталық концерт залында, 22 наурыз күні Алматыда Республика сарайында жеке ән кешін берді, деп жазады Today.kz.

Опубликовано в New generation

Балалар бір-бірімен қатты бәсекелеседі, ұрысып, төбелесіп, ойыншығын бөлісіп, тәжікелесіп, қақысын қорқап және т.б. Бұл өздігінен еш қорқынышты емес. Ата-ананы шаршататын құбылыс. Үнемі ұрыса беретін болса, әдет болғаны. Жалпы еш зияны да жоқ. Бала бәсеке мен араласуды біреуден үйренуі керек қой.

Опубликовано в Қоғам

Тұрмысқа шыққанына 4 жыл болған келіншек әлі күнге пәк екенін айтып, жұртты таң қалдырды. Сонша жыл өтсе де күйеуімен жақындаспаған екен.

Опубликовано в Әралуан

Ертеде бір бойдақ жігіт жүзінен нұры төгілген иманды әрі сұлу қызға көзі түсіп, соңынан қалмай жүріп, ата-анасының алдынан өтеді. «Бұйрық болса бағын байламайық» деген ата-анасы да разылығын беріп, ақ некелерін қияды. Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні кешкісін әйелі күйеуіне:
– Екеуміз жарысайықшы, – деп қолқа салады. 
Таңданған күйеуі: 
– Қалай, неден жарысамыз? – дейді. 
Келіншегі:
– Құран жаттаудан, – деп жауап береді. 
Сонымен келісіп, екеуі Құран жаттаудан жарыса бастайды. Күндер сырғып, жылдар жылжып өте береді. Арада біршама уақыт өткенде жігіт ақ некелі жарын Құран жаттаудан басып озады. Мұнысына марқайып, қатты қуанған ол бір күні ата-енесіне қонаққа барып отырып, әңгіме арасында: 
– Білесіздер ме? Біз қыздарыңыз екеуіміз Құран жаттаудан жарысып едік. Арада екі жыл өткенде мен Құранды толығымен жаттап қари болдым. Қыздарыңызды басып озып, жеңімпаз атандым! – дейді марқайып. 
Бұл сөздерді естіген ата-енесі аң-таң болып, бір-біріне қарасады. Енесі: 
– Балам-ау, біздің қызымыз Құран Кəрімді 9 жасында жаттап алған. Сен мұны білмеуші ме едің? – дейді. 
Мұны естіп қайран болған жігіт әйеліне келіп, оның мұны осынша уақыт неге жасырып жүргендігін сұрайды. Сонда парасатты келіншек: 
– Мен сізбен танысқанда сіз Алланы танығаныңызбен, Оның сөзінен де, Өзінен де алыстау жігіт едіңіз. Сондықтан сізге тұрмысқа шығып, Алланың сөзі болған Құранды үйреткім келді. Алла жазса, Жәннатта сізбен бір деңгейде болуды қаладым... – деп жауап берген екен.

©qamshy.kz

Опубликовано в Нетократия

Соңғы айда елімізде электр энергиясы төлемі 3 пайызға қымбаттады. Енді газ, су және жылу құны да өседі деген болжам бар. Сол себепті биыл Алматы билігі әлеуметтік әлсіз топқа енген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөліп отыр, деп хабарлайды Today.kz "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

Опубликовано в Әлеумет
Страница 2 из 12

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер