Басып шығару нұсқасы
06.06.2018, 11:05

Бақыттымын: Назима Жәнібекова енді Тиматимен бірге болатынын айтты

Назима Жәнібекова «Песни» шоуында жеңіске жетпесе де, алдағы уақытта рэпер Тиматимен бірге жұмыс істейтін болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Ал, достар, мені құттықтап қойыңыздар! Енді мен Black Star отбасының мүшесімін. Бақыттымын», - деп бөлісті бойжеткен.

Айта кетейік, шымкенттік Жәнібекованы рэпер қатты ұнатып қалғанын бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын.