Басып шығару нұсқасы
31.12.2021, 13:36

"Круэлла және жаңажылдық эликсир": елордалық цирк мерекелік қойылымдар өткізеді

Елордалық цирк қала тұрғындары мен қонақтарын 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін өтетін "Круэлла және жаңа жылдық эликсир" мерекелік қойылымдарына шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық циркте жаңа жылдық қойылымдар 2-4, сондай-ақ 2022 жылғы 7-9 қаңтар аралығында өткізіледі. Іс-шаралар сағат 16:00-де басталады.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ цирк кассаларынан онлайн сатып алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 24-40-60 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады;

+7 7172 24-40-61; +7 702 495 03 03.

Айта кету керек, елордалық цирк 2021 жылы 100-ден астам іс-шара өткізді, елімізде және қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты олардың 90-ы онлайн режимде өтті. Барлығы 124 мыңнан астам көрермен қамтылды.

Өткен жылы елордалық цирк әртістері Қарағанды және Шымкент қалаларына гастрольге шығып, көптеген көрермендерді жинады.