Көше бойындағы ағашқа жiппен шандып, байлап қойған велосипедтi ұрламақшы болған баукеспе жiптi емес ағашты кесуден тайынбады, деп жазады zhasalash.kz.
Басылымның жазуынша, бұл оқиға Қытайдың Чанша қаласында болыпты. Көшедегi бейнебақылау камерасынан азаматтың қол арамен ағашты кесiп жатқанын көруге болады.
Жанынан көлiк пен жаяу жүргiншiлер өткенде тоқтап, кейiн жұмысын қайта жалғастырған жiгiт ақыры мәуелi бәйтеректi жығып, велосипедтi қолды қылды.