Басып шығару нұсқасы
23.02.2018, 10:05

Миланда модельдер подиумға өз бастарын ұстап шықты

Миланда модельдер подиумға өз бастарын ұстап шықты http://today.kz

Gucci-дің креативті директоры Алессандро Микеле жаңа коллекциясының таныстырылымында көрерменді дүр сілкіндірді. Модельдер подиумға өз бастарын ұстап шықты. Сән үйі көрсетілімнің видеосын Instagram желісіне жариялады, деп хабарлайды Today.kz. 

Күз-қыс коллекциясы "Киборг" деп аталады. 

Ерекше аксессуар көрермендер арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе аксессуардың модельдің өз басынан аумайтыны жұрттың жағасын ұстатты.