Басып шығару нұсқасы
01.02.2018, 09:12

Әйгілі Бейонсе Грэмми марапатына 7 млн доллардың сырғасымен шықты (фото)

Әлемге әйгілі әнші Бейонсе «Грэмми-2018» марапатында Lorraine Schwartz зергерлік брендінің құны 7 млн доллар тұратын сырғасын тағып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Поп-диваның үстіне киген қара көйлегі Николас Жебранның қолынан шыққан.

Бейонстің құлағындағы сырғада 70 каратты гауһар тас бар.

"Оның қолында 3 гауһар жүзік болды және Alain Mikli-дің құны $ 380 тұратын көзілдірігі", - деп жазған шетелдік БАҚ.

Марапатқа Бейонсе күйеуі Джей Зии және қызы Блу Айвимен бірге келді.