Бұл ауру көбінесе жастарда, жасөспірім кезде жиі болады. Адамдар арасында 12 жастан бастап 25 жасқа дейінгі адамдардың 85% осы дерматозды аурумен ауырады.
Емі: аурудың ауырлық ағымына байланысты болады. Емді дәрігер тағайындайды.Емдік терапияда тек сыртқа қолданылатын дәрілік косметикалық заттар ғана емес, ішке де арнайы дәрілер қолданылады.
Дәрігерлер егерде безеудің қосымша қабынулары болмаса және бірінші сатысында өзін-өзі емдеуге рұқсат береді. Ал қалған түрлерінің барлығы созылмалы ағымда болған соң арнайы емді қажет етеді. Бұл кезде әр түрлі емдік косметикалық заттарды қолданғанда жаңа пайда болған элементтерді жойғанымен, ішкі ағзадағы элементтерді емдей алмайды. Егер сізге қайта-қайта безеулер шыға берсе, онда сіз өзіндік емге кіріспес бұрын дәрігер дерматологпен немесе косметологпен кеңесіп барып емдеу ісін бастаңыз.
Безеуді сықпау керек екенін есте сақтаңыз. Оларды емдеу керек. Безеулерді сыққан кезде, сол жерде дақ немесе тыртықтану пайда болып, түрлі инфекциялар жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Безеуді сығудың әр түрлі халықтық әдістері кездеседі. Бірақта сіз қаншалықты тазалық сақтасаңыз да халықтық әдістерде инфекцияны жұқтыру қаупі өте жоғары болады. Ал егер сіз инфекция енгізіп алсаңыз оны емдеу өте қиынға соғады.
© irisgul.wordpress.com