Басып шығару нұсқасы
24.10.2022, 17:20

"Қасиетті Отырарым" әні (Видео)

Киелі өлкенің асыл топырағы мен ерлікке толы тарихын дәріптейтін "Қасиетті Отырарым" әнін қабыл алыңыздар!

Сөзін жазған: Оңалбек Әуелбеков

Әнін жазған және орындаған: Руслан Ахинбеков

 

Бір дерек:

Әуелбеков Оңалбек Өтебайұлы Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам елді-мекенінде 1953 жылы дүниеге келген. Алматыдағы денешынықтыру және спорт академиясын бітірген. 1975 жылы еңбекжолын Отырар ауданындағы Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.

1982 жылы Қазақстанның Халық ағарту ісінің үздік төсбелгісімен марапатталған.

1992 жылы аға мұғалім атағы берілген.

1993 жылы жылдың Үздік мұғалімі атанды.

2017 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс төсбелгісімен" марапатталды.

2018 жылы "Үздік жаттықтырушы" кітабы жарық көрді.

2018 жылы "Егемен елдің 100 қайраткері» кітабына шықты.

2019 жылы Отырар ауданының құрметті азаматы атағы берілді. 2020 жылы "Айбоз" республикалық журналына шықты.

Ақындық өнер жолындағы шығармалары: "Аташым", "Анашым", "Әкежан", "Жастарды көргім келеді", "Дариғашым", "Ұстазым", "Немерем", "Құрбы-құрдастар", "Қасиетті Отырар", "Димаш", "Келінжан».

Ұқсас сілтемелер