Жасөспірім күнделікті сабақтан басқа, М. Қатаев атындағы облыстық мектеп оқушыларының «Антарес» клубында модельдеумен айналысады. Мұнда үнемі қызықты инженерлік идеялар туып отырады. Ол өз жұмысын ғалымдар, студенттер мен оқушылардың «ХІ Сәтпаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында таныстырды. Нәтижесінде сегізінші сынып оқушысының жұмысы «Ғылымға деген алғашқы қадам» номинациясы бойынша марапатталды.
Жасөспірімнің сөзінше балық өсіретін шағын-ферманы құрастыру өте қарапайым және оны экологиялық мектептердің негізінде де орнатуға болады.
Оқушы бұл жобаны іске асыруды өткен жылдың шілде айынан бастап қолға алған. Макетті құру алдында ол арнайы теориялық зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде оның жобасын пайдалану кезінде балықтар, әсіресе бекіре тұқымдастар бір жылдың ішінде тауарлық массаға ие бола алады.
Жас инженердің айтуынша, осындай қондырғыны пайдаланған кезде балабақшалар мен мектептерге балғын балық беруге болады. Сәйкесінше ас мәзірінде тек мұздатылған балықтан басқа, жаңа шығарылған өнімдер де болады дейді, оқушы.