Басып шығару нұсқасы
09.02.2018, 16:49

ОҚО-да көлігін сатайын деп жүрген ер адамның денесі көліктің багажынан табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Today.kz TVK арнасына сілтеме жасап. 

Қазығұрт ауданы, Маятас аулының тұрғыны үйіне жақын жерден Түлкібас ауданынан өлі күйінде табылған. 

1984 жылдың 5 ақпанында туған ер адамның жоғалып кеткенін туыстары хабарлады. 

8 ақпанда Volkswagen Golf III көлігі Түлкібас ауданы Жаскешу ауылына жақын маңнан табылған. Жоғалып кеткен ер адамның денесі көліктің багажында болған. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Марқұм көлігін сатайын деп жүрген.