Басып шығару нұсқасы
17.01.2018, 10:44

БҚО-да 72 киікті атқан күдікті қамауға алынды

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылының аумағында киік атқан Ақжайық ауданының тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Тінту кезінде күдіктіден мүйіздері кесілген 72 дана киіктің өлексесі табылып, тәркіленді.

Осы іске қатысты ҚР ҚК 337- бабы, яғни заңсыз аң аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.