Басып шығару нұсқасы
13.12.2017, 09:31

Кектенген қарағандылық қыз жалған куәмен жігітті төрт айға қамаған

Кектенген қарағандылық қыз жалған куәмен жігітті төрт айға қамаған Фото: КТК

Төрт ай бойы Қарағанды облысының тұрғыны оқушы қызды зорлады деген жалған айыппен қамауда болды, деп хабарлайды КТК.

Кейінірек анықталғандай, айыптаған қыз өзінің ішкі өкпесіне бола жалған куә берген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 25 маусымда Ақтау қаласында (Теміртауға жақын жерде)  «зорлау» оқиғасы болған.

15 жастағы қыз бен оның анасы зорлап тастай жаздады деп полицияға шағым жазған. Оқушы қыз таныс жігіті құрбысының үйіне келіп мені зорламақшы әрекет жасады, шомылатын бөлмеге кіргізіп алып, шешіндірмек болды, мен айқай салдым, ол мені ұрып жіберді, құрбым көмекке келіп, полиция шақырамыз деген соң ол есікті ашты деп шағымданыпты.  

Қылмыстық іс Қарағанды облысындағы мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта оқушы мен оның заңды өкілі өздерінің куәліктерін өзгертті.

Олар түсініспеушілік болғанын және жігіттің қызды зорлауға тырыспағанын айтты. Қыз өзінің алғашқы айғақтарын оның ұрып жібергеніне байланысты өтірік айтқанын мойындады. Оқушы мен айыпталушылардың арасында  жанжал болып, жігіт оны ұрып жіберген. Осыдан кейін қыз ішіне кек сақтаған.

Сотқа жәбірленуші айыпталушыны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш берді. Оқушы анасы мен прокурор арқылы сотталушымен татуласып, жанжал шешілді.

Сот  қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады. Бірақ ол процессуалды шығындарды өтеу үшін бір миллионнан астам теңге төлеуі тиіс.  

Ұқсас сілтемелер