Басып шығару нұсқасы
26.09.2016, 10:37

Еліміздің орталығы мен шығысында үсік жүреді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл көтеріледі. Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында жел тұрып, 20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман байқалады.

Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін барады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарында күн суытып, үсік жүреді, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, сондай-ақ  Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Ұқсас сілтемелер