Басып шығару нұсқасы
28.11.2016, 22:25

Қазақстанда жаңа NurPhone телефоны "пайда болды"

Біржан Қабылбаев өз Instagram парақшасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығарылған NurPhone телефонын таныстырды. Бұл туралы NUR.KZ тұрғынның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телефонды ойлап табушылардың айтуынша, қарапайым телефон алты жыл қызмет етсе, NurPhone кемінде төрт мерзімге жарайды. Оның одан әрі жұмыс істей беруіне тілеулеспіз дейді олар.

Телефонның NurMusic қосымшасы бар. Онда Қайрат Нұртас, Асхат Тарғын мен Төреғали Төреәлінің әндерін табуға болады.

Смартфон иелері Ресей мен Белоруссияға тегін қоңырау шалу артықшылығына ие.

NurPhone-ға орнатылған "Хабар" камерасы кез келген фотоны әлдеқайда бақыттырақ етеді.  "NurPhone - бұл бірінші емес, нөл бірінші", - деп сөздерін түйіндеді идея авторлары.

Ұқсас сілтемелер