Басып шығару нұсқасы
20.10.2016, 13:00

Шымкентте дыбысты бағдаршамдар орнатылуда

Шымқалада зағип жандарға арналған бірнеше дыбыстық бағдаршамдардың саны артуда, деп хабарлайды shymkent.gov.kz.

 Шымкентте жүрсеңіз, «Тәуке хан даңғылында бағдаршамның жасыл түсі жанды» деген хабарламаны естігенде таң қалмаңыз. Бұған дейін Шымқалада зағип жандарға арналған бірнеше дыбыстық бағдаршамдардың болғаны белгілі. Жақында қаланың орталық көшелерінде бағдаршамның жанған түсін хабарлап тұратын тағы бір қызмет түрі өз жұмысын бастады.

      – Бағдаршамның жанған түсін хабарлап тұратын қызмет түріне жалпы 6 млн. 800 мың теңге қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін Шымкент қаласындағы көше қиылыстарында осы құрылғы 20 жерге орнатылуы тиіс болса, бүгінде соның 12-сі іске қосылды. Ал қалған 8-інің жұмысын желтоқсан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жұматаев.

Ұқсас сілтемелер